БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

«Ару-Бота» бөбекжай-балабақшасы 2012 жылы шілде айынан бастап жұмыс жасайды. Ғимарат 2 қабатты. Жоба қуаттылығы- 120 орын. Оқыту тілі-мемлекеттік тіл қазақ тілі. Балабақшаның жұмыс уақыты аптасына 5 күн 8.00-ден 18.00-ге дейін. Балалар үшін ойын залы, медициналық кабинет, әдістемелік кабинет жұмыс жасайды. Балалардың жас ерекшелігіне сәйкес  5 топ жұмыс істеуде.

ЖШС «Ару-Бота» бөбекжай-балабақшасы оқыту және тәрбиелеу жұмысын ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 2016 жылғы 13 мамыр № 292 қаулысы талаптарына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша орындалуда.

Күн режимі және балалардың тамақтану барысы үнемі ретімен жүреді. Жұқпалы аурулардан сақтану, болдырмау шаралары және шынықтыру сауықтыру жұмысы жоспарлы жүргізілуде. Балабқша қызметкерлерін үнемі, уақтылы медициналық тексеруден өткізіп отырады.

Оқу –тәрбие жұмысында жеке және дербес жұмыстар, интерактивті оқу шараларын пайдаланып отырамыз. Дамытушы ойындар, дидактикалық, мазмұнды-рөлдік, ермек ойындары, драмалық ойындар, ұлттық, музыкалық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын шығармашылығын дамытамыз.